Ауысы және сауықтыру

ҚазҰМУ-нің бакалавр бөліміне ауысу және қайта қабылдау

Құрметті білім алушылар!

«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» (Жалпы медицина-2 мектебі) бакалавр бөліміне басқа білім беру ұйымдарынан, шетелден ауысқан және қайта қабылданатын білім алушылардан  өтініштерді 11.07.2022 ж. -12.08.2022ж аралығында қабылдайды.

Келесі құжаттар толық болуы қажет:

  • ЖЕКЕ КУӘЛІК көшірмесі (2 дана);
  • КУРСТАН КУРСҚА КӨШІРІЛУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ көшірмесі;
  • GPA баллы 3,0 төмен болмауы қажет (барлық оқу кезеңі үшін);
  • Транскрипт

Құжаттарды қабылдау: Алматы қаласы, Төле би к-сі, 88 (Сейфуллин даңғ. қиылысы), №4 оқу ғимараты, 1-қабат, кабинет. 121, 124.

Байланыс телефондары: +7 (727) 338 70 90, ішкі 7374, 7545.


Құрметті студенттер!

Студенттерді басқа, соның ішінде шетелдік оқу орындарынан С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не ауыстыру және қайтақа былдау 04.07.2022ж. – 19.08.2022ж. арлығында жүзеге асырылады.

Өтініш беру үшін, Сізге www.kaznmu.kz сайтында қажетті құжаттарды тіркеп, нысанды толтыру қажет.

Сіз тапсырған құжаттар бойынша тиісті деканат қызметкерлері оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығына алдын ала талдау жүргізеді және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң 2021-2022 оқу жылына арналған Академиялық саясатының ауыстыру және қайта қабылдау туралы ережелерінің талаптарына сәйкес, атап айтқанда:

1. Бірінші академиялық кезеңнің қарызы болмаған жағдайда ауысу мүмкін;

2. Академиялық айырмашылықтың 12 ECTS-н аспауы;

3. Қажетті құжаттардың толық тізімінің болуы.

 

Академиялық адалдық кодексін бұзғаны үшін Университеттен шығарылған студенттер С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не қайта қабылданбайды!