ҚазҰМУ Дәлелді медицина орталығы туралы

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Дәлелді медицина орталығы (ДМО) 2009 жылдың 29 қыркүйегінде медицина ғылымдарының докторы Турдалиева Ботагоз Саитовнаның басшылығымен ашылды.

ДМО қызметінің мақсаты:  дәлелді медицина қағидаларына сәйкес замауи технологияларды пайдалану, тарату және өңдеу негізінде медициналық білімнің, ғылыми және емдік қызметтің сапасын арттыру.

ДМО міндеттері:

  1. Университетте білім алушылардың дәлелдемеге негізделген медициналық білім алуын қамтамасыз ету.
  2. Дәлелді медицина тұрғысынан іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің, сондай-ақ ғылыми жарияланымдардың сапасының көтерілуіне септігін тигізу.
  3. Жетекші отандық және шетелдік ұйымдардың тәжірибесін медициналық шешімдердің дәлелділігін жоғарылату үшін зерттеу, жинақтау және тарату

ДМО орталығының қызметкерлері:

Байсугурова В.Ю. (PhD) – басшысы;

Изекенова А.К.(PhD) – бас маман;

Карибаева И.К. (PhD)  – сарапшы.

Алматы қаласы, № оқу ғимараты, Дәлелді медицина орталығы №253кабинет;тел: 338-70-90 (7327)