ҚазҰМУ сенімгерлік басқаруындағы бір жылдан кейін  Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі қалай өзгерді




07.02.2022

ҚазҰМУ 2021 жылы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжін сенімгерлік басқаруға алды. Осы жылдың қорытындысына сәйкес еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орны материалдық-техникалық базаны жаңарту, қызметкерлерді оқыту және қызметтің басқа да аспектілері бойынша ауқымды жұмыстар атқарды.
Сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт аясында университет оқу-өндірістік жабдықтарды сатып алу, оқытушылар құрамын оқыту, студенттерді практикалық дағдыларға үйрету, орта білімнен кейінгі білім беру базасында «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту, сондай-ақ электрондық деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізді.
ҚазҰМУ колледжге жаттықтыру манекенін, реанимация мен науқастарды күтуге арналған манекен, интерактивті анатомиялық үстел, сондай-ақ тыныс алу және сыртқы жүрек фантом жүйесін сатып алды.
Бұдан басқа,  Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің 12 оқытушысы мейірбике ісі, зертханалық диагностика, емдеу ісі, фармация, GPP, GDP, GMP бағыттары және фармакологиялық қадағалау (GVP); «ОЖЖ әзірлеу әдістемесі» мамандықтары бойынша ҚКБ біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
ҚазҰМУ кафедраларында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің профессор-оқытушылар құрамының 7 оқытушысы үшін (Хирургия, АиГ, ЖДТ, МІ, микробиология, ҚД) оқытудың инновациялық әдістері бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.
Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің 3-курсының 7 студенті академиялық ұтқырлық бойынша «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша ШЖҚ «№5 Қалалық емхана» КМК тәжірибеден өтті. Тәжірибе 22.11.2021 ж. – 06.12.2021 ж. аралығында өтті.
Сонымен қатар, ҚазҰМУ Қазақстан жоғары медициналық колледжінің 6В10103 «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламасы бойынша толық әлеуметтік қамтамасыз етумен (тұру, белгіленген нормалар бойынша шәкіртақы) орта білімнен кейінгі білім беру базасында қолданбалы бакалавриаттың 24 түлегін даярлауға 12 білім беру грантын бөлді.
Бүгін бұл туралы Орал қаласында өткен ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин мен ҚазҰМУ қаржы директоры Әсет Өтегеновтің Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен және Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің директоры Камидолла Ирменовпен кездесуінде талқыланды.