Қосымша кәсіби білім беру институты

Біліктілікті арттыру факультеті 1993 жылы құрылды. 2019 жылдан бастап С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қосымша кәсіби білім беру институты (ҚКББ институты) болып қайта құрылды.

 Мақсаты:

Денсаулық сақтау саласында үздіксіз кәсіптік дамудың, қосымша және формальды емес білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған білім беру қызметі.

 

Міндеттері:

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру.

Білім беру бағдарламасы-оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдерін қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені.

Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қосымша білім беру – біліктілікті арттыру және сертификаттау курстары нысанында іске асырылатын кадрлардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі.

Біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны. Біліктілікті арттыру бағдарламаларының ұзақтығы 2 кредиттен (60 сағат) 9 кредитке (270 сағат)дейін.

Сертификаттау курсы – негізгі білім шеңберінде тар мамандану бойынша қосымша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны. Сертификаттау курстарына арналған бағдарламалардың ұзақтығы 10 кредиттен (300 сағат) басталады. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең. Бір академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.

Формальды емес білім беру бағдарламалары шеңберінде ғылыми-ақпараттық алмасу бойынша іс-шаралар, семинарлар, тренингтер (мастер-кластар) және т. б. өткізіледі.

Медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және сертификаттау курстары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21856 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес мамандықтар бойынша (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 Қарашада № 21699 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.