Актоты Бостан

05 Feb 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Актоты Бостан <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсизбе! сиздердин университеттеринизге медколледжден сон туссе боладыма? жане нешинши курстан бастап окиды? Оку акысы жылына канша тенге? Грантка тусу ушин канша балл жинау кажет, жанеде кандай сабактардан емтихан тапсырады?

Құрметті Актоты Бостан!

Медицина колледжін тамамдаған соң,  Білім алу грантына конкурсқа қатысуы үшін кешенді тестілеуден өтуіңіз керек. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау үшін Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 баллдан жоғары жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады. 

Медицина колледжін бітірген студенттер оқуды 1 курстан бастап,  жалпымен бірдей оқиды, оқу мерзімі қысқартылмайды.

Ақылы білім беру қызметтерінің тарифтері жыл сайын ҚР «Білім туралы» заңы мен ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде бекітіледі.

Бекітілген тарифтер бойынша қайталап оқу жылына (курсқа),  оқуға қайтадан алынғандарға, басқа жоғары оқу орындарынан ауысқандарға, сонымен қатар бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысқандарға арналған білім алу ақысы (ауысқан немесе оқуға қайтадан алынған мерзімі бойынша):

2010-2011 оқу жылында – 569 930 теңге

2011-2012 оқу жылында – 770 700 теңге

2012-2013 оқу жылында – 780 600 теңге

Барлық медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранты ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен анықталады. Барлық мамандықтар бойынша алдын-ала 2013 жылы мемлекеттік білім грантын алудың баллын анықтау мүмкін емес, өйткені бұл бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша ҰБТ нәтижесіне және біздің Университетке түсу үшін өтініш білдірген абитуриенттердің санына байланысты.

Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім беру бағдарламалары бойынша 4 пән бойынша жүргізіледі:

  1. 1.           Математика;
  2. 2.           Қазақ немесе орыс тілі ;
  3. 3.           Қазақстан тарихы;
  4. 4.           Профиль бойынша пән

 


_ _ _

Loading