Асем Бастаубаева

23 Jan 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Асем Бастаубаева
Тема вопроса: От студента
Сәлеметсізбе Айқан Ақанұлы!!!Мен сіздердің оқу орындарыңызға ауысқым келеді.Қазір Семей Мемлекеттік Медицина Университетінің екінші курсында оқимын.Улгерімім жақсы ауысу шарттары жеңіл болама және шәкіртақым сақталады ма? Құрметті Асем Бастаубаева!

Білім алушыларды басқа жоғарғы оқу орнынан ауыстыру ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2008 жылдың 19 желтоқсанында шыққан № 638 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).
ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы ережесі» бойынша қойылатын негізгі міндетті шарты кезекті академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының толық орындалуы және аралық аттестаттауды тапсырылуы қажет.
Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.
Стипендия пән айырмашылығы болған жағдайда, айырмашылықты өтеген кезден бастап 2008 жылдың от 7 ақпанында шыққан № 116 бұйрығы бойынша тағайындалады.
Біздің университетке ауысу үшін, Сізге: білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш бересіз және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорына өтініш бересіз. Қабылдайтын ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі қажет: факультет деканы қол қойған оқу карточкасы, оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен расталған, мөрмен бекітілген және кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипт; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініш көшірмесі; факультет деканы ұсынылған құжаттар негізінде жұмыс оқу жоспарының және оқу курсының міндетті компонентінің пәндеріндегі айырмашылықты анықтайды;
Сол себепті, Сізге оқу бағдарламасы бойынша пән айырмашылығын және курсын анықтау үшін С.Ж. Асфендияров атындағы жалпы медицина факультеті деканатына жолығуыңыз қажет (Алматы қаласы, Төле би көшесі 54, тел. (7272) 92 69 69 ішкі 135, 134).


_ _ _

Loading