Бақберген Бұғыбай

09 Nov 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Ассалаумағалейкүм!
Мен биыл 104 баллмен медицинаға түсе алмадым, қазір КазАТУ-да вет санитария мамандығында грантта оқып жатырмын, бірінші семестрден кейін КазНМУ-ға жалпы медицинаға ауысуға мүмкіндігім бар ма?

Ответ:

Құрметті Бақберген Бұғыбай!

Білім алушылардың басқа жоғарғы оқу орнынан ауысуы  ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 20 қаңтар айындағы №19қаулысымен бекітілген«Жоғары  бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы  ережесі» бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

Осы ережеге сәйкес бакалавриат студенттері мен магистранттарды басқа жоғары оқу орнынан ұлттық жоғарғы оқу орнына ауыстыру ақылы негізде жүзеге асырылады.Сонымен бірге, ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы баллы Ғылым және білім министрлігінің нормативті-құқықтық актісімен тағайындалған баллынан жалпы медицина мамандығы бойынша 20 баллға жоғары болу керек. (2017-2018 жылы 85 балл болды)

Ережеге сәйкес ауысу тек қысқы немесе жазғы демалыс мерзімінде ғана жүзеге асырылады.

 

 


_ _ _

Loading