Галия Камбарбекова

27 Jun 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Галия Камбарбекова <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсізбе Айқан аға! мен осы жылдың түлегімін, БҰТ өкінішке қарай қанша жылдар бойы үздік оқыған оқушы болсам дағы әділетсіздікке ұшырап, барлығы 50 балл ғана жинап отырмын. Сізден өтініп сұрайтын сұрағым, мен сіз басқаратын академияның кешенді тестілеуіне осы жылы қатысып, бағымды сынауыма болады ма? өтініш көңілімді қалдырмаңызшы, осы сұрағыма бір ауыз сөзбен жауап беріңізші, бүкіл арманым дәрігер болу. құдай үшін жауап береңізші, асыға күтемін. егер жауап бермесеңіз өзіме өзім қол жұмсауым әбден мүмкін, өйткені екі күннен бері нÓ
�р татпадым, әрі ешкіммен де сөйлеспедім. құдай үшін бір ауыз жауап беріңізші. сонда әділетсіздікпен балл жинағандар тайраңдап жүре береді де мен секілді жылдар бойы оқу озата болған бала далада зарлап қала береді ме. маған тағы да бір шанс беріңіздерші. мен сіздердің үміттеріңізді ақтаймын. сәлеммен болашақ дәрігер.

Ответ:

Саламатсыз ба, Галия! Осы жылы ҰБТ тапсырған үміткерлер қайтадан кешенді тестілеу немесе басқа қосымша емтихан тапсыру қажет емес. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.


_ _ _

Loading