Гулзат Нургалиева

18 Nov 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Сәлеметсізбе Талгат Сейтжанович. Мен Нургалиева Гулзат 2018 жылы педиатрия багыты бойынша резидентурага тапсырған едім, жалпы балдық есептеу бойынша резидентурага тусуіме 0,2 бал жетпей калған еді. Сізге отініш жазуымнын себебі, жумыста бір профессормен кездескен едім, сол профессор сізге өтініш жазып құжаттардың қайта қаралуына өтініш қалдыруыма кеңес берді. Сізден құжаттарды қайта қарауынызды және оң нәтижесін беруіңізді сураймын.

Ответ:

Сәлеметсіз бе Нургалиева Гулзат.

2018-2019 жылы студенттерді резидентураға қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға жіберудің Типтік ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде жүзеге асырылды.

Осы ереженің 3 тармағының 29 тармақшасына байланысты мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шет тілі және мамандығы бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары:

2) бейінді магисратура мен резидентураға түсу үшін – кемінде 130 балл жинаған тұлғалар қабылданады.

Осы ереженің  13 тармағы «магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адамдар», 13-1 тармақшасына байланысты:

Мамандық бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар мамандық бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖОО-да тапсырады.

Осыған байланысты, Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетінде резидентура білім беру бағдарламасына тұлғаларды қабылдау екі кезеңде өткізілді – шет тілі және мамандық бойынша емтихан.

Мамандық бойынша емтихан 4 бөлімді құрады:  5 жылдың  GPA — 10%, 2 жылдың  GPA — 10%, MCQ — 40%, сұхбаттасу – 30%, ғылыми жұмыстар 10%.

2018 – 2019 оқу жылына С.Д.Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университетіне «Педиатрия» мамандығына 19 мемлекеттік грант бөлінген болатын.

Сіздің жалпы жинаған балыңыз 127.  Компьютердің есебі бойынша  – мамандық бойынша — 82,7 (GPA — 20%,MCQ — 40%, сұхбаттасу – 30%, ғылыми10%) және ағылшын тілінен 44 балл алыпсыз. Барлығын қосқанда 126,7 балл болыпты, бүтін санға келтіргенде 127 балл.

Ережеге сәйкес,  Сіз талап етілген 130 баллды жинай алмағаныңызға байланысты, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатыса алмадыңыз. Өткен жылы тапсырған емтихан нәтижелері биылғы жылға жарамайды.

Сіз, 2020-2021 оқу жылында құжаттарыңызды дайындап, қайтадан университеттің қабылдау бөліміне тапсырып конкурсқа қатыса аласыз.


_ _ _

Loading