Гулназ Шонкалова

03 Apr 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Гулназ Шонкалова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс:
Сәлеметсіз бе!Биыл ҰБТ тапсырамын. С.Д.Асфендияров атындағы МУ-не жалпы медицина факультетіне  грантқа түсу үшін орыс тілінсіз неше балл алу керек?Егер орыс тілінсіз алған балым жетпей қалса,кешенді тестілеуге қатысамын ба?

Құрметті Гулназ Шонкалова!

Барлық медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранты ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен анықталады. Барлық мамандықтар бойынша алдын-ала 2013 жылы мемлекеттік білім грантын алудың жоғарғы және төменгі баллын анықтау мүмкін емес, өйткені бұл бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша ҰБТ нәтижесіне және біздің Университетке түсу үшін өтініш білдірген абитуриенттердің санына байланысты. 2012 жылы ҚазҰМУ-дың ақылы бөліміне оқуға түсудің өтпелі баллы 70 болды.

Сіздің «орыс тілінсіз алған баллым жетпей қалса, кешенді тестілеуге қатысамын ба?» деген сұрағыңыз түсініксіз, орыс тілін алып тастағандағы балл кешенді тестілеудің баллы емес пе.

 


_ _ _

Loading