Гуля Ахылбекова

31 May 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Саламатсыз ба, Айкан Аканович? Мен 5 курс, пед.фак. студентімін.Бүгін 19.03.2012 куні «Жедел медициналық жәрдем көрсету» пәні бойынша емтихан тапсырдық, ОCKЭ этапы бойынша. Мұғалімдер студенттерді қатты асықтырды. Ойымызды дұрыс жеткізе алмадық. Дұрыс баға алмадық. Менің сізден сұрарым, келесі ОСКЭ этаптарының бұлай өтпеуін қадағалауыңызды сұраймын. Рахмет.

Ответ:

Құрметті Ақылбекова Гуля!  Сіздің «Жедел медициналық жәрдем беру»  пәнінен 19.03.2012 күні  тапсырған емтихан  бойынша хатыңызға жауабымыз:

Емтиханның екінші этапында (ОСКЭ) 3 дағды тапсырылды.  Өзіңіз білетіндей емтихан алдында  студенттерге тәжірибелік дағдылар  орталығында (ТДО)  кесте бойынша тренингтер өткізіліп, емтихан  тапсыру ережесі таныстырылған.  Әр этапқа  регламент бойынша 7 минуттан берілді, компьютерге енгізілген қоңыраумен тұрақты түрде бір этаптан екінші этапқа студенттер кезекпен ауысып отырды.  Студент осы берілген уақыт аралығында  қадам бойынша дағдыларын көрсетуі тиіс.

Яғни, Гуля!  Емтихан ережесі бойынша студентке ол жерде уақытын өткізіп, ойын жеткізіп айту маңызды емес,  тек игерген дағдыларды дұрыс,  нақты  қолмен  көрсетуі   қажет.  Сонымен қатар емтихан қабылдаушы оқытушылар  студенттерді асықтыруы мүмкін емес деп ойлаймыз, өйткені емтихан тапсырушыны қоңыраумен кіргізіп, қоңыраумен  шығарып отырды. Тек кезекші ассистенттер уақытыңызды өткізбей тез кіруіңізді сұраған болу керек.

Біз сіздің өтінішіңізді ескеріп,  келесі топ студенттерімен тренингтерді жиірек  жүргізіп,  берілген регламентті сақтауына аса көңіл бөлеміз және  қадағалаймыз.

 


_ _ _

Loading