Дана Кемел

25 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Саламатсызба!
1) Осы жылы университетте грант саны артады ма? артса қаншалықты? Университеттегі әр мамандықтардың грант сандары қанша?
2) Грант мамандық бойынша беріледі ме, әлде оқу орны бойынша ма?
3) Жалпы елімізде медицина мамандығына бөлінетін грант саны қазір қанша?

Ответ:

Сәлеметсіз бе, Дана Кемел!
Биылғы оқу жылына ҚазҰМУ-не бөлінген грант саны өткен жылғы грант санымен бірдей. Барлық мамандықтарға бөлінген мемлекеттік тапсырыс саны — 600. Біздің университетімізге қазақ бөліміне жалпы медицина мамандығына 270, педиатрия — 100, стоматология — 10, фармация — 10, қоғамдық денсаулық сақтау — 10 грант бөлінген.  Мемлекеттік білім гранты оқу орны, оның ішінде мамандық, оның ішінде оқу тілі бойынша бөлінеді. Республика бойынша жоғары медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша 3150 мемлекеттік грант орындары медициналық жоғары оқу орындарында конкурс негізінде орналастырылатын болады.


_ _ _

Loading