Ербақыт Рахметалиев

28 Dec 2020  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Құрметті, Талғат Сейітжанұлы, мен сіздердің университеттің ТФП факультетінің 2 курсының грант иегерімін. Мен қазіргі таңда жалпы медицина факультетіне ауысқым келеді. Қандай жолдары бар?

Ответ:

Университет ішінде басқа оқу бағдарламасына ауысу каникул мезгілінде жүргізіледі. Басқа оқу бағдарламасына ауысу үшін қойылатын негізгі талаптардың бірі: пәндердегі академиялық айырмашылық 12 ECTS-тен аспауы керек. Білім алушы бір мамандықтан екінші мамандыққа оқу жылына сейкес бекітілген тариф бойынша ақылы түрде төмендегідей тәртіппен ауысады:

—  Білім алушы  ауысатыны туралы академиялық мәселе жөніндегі проректор атына өтініш жазып, оған академиялық транскриптін тіркейді;

—   Қабылдаушы декан ұсынылған құжаттар негізінде меңгерілген пререквизиттерді ескере отырып, академиялық айырмашылықты анықтап, оқитын курсты айқындап, құжаттарды комиссияға қарастыруға береді. Комиссия қанағаттанарлық шешім қабылдаған соң меңгерілген кредиттерді қайта есептеу бойынша деканат білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;

—  Тіркеу бөлімі (ОР) білім беру қызметтерін көрсету шартына отырған соң және оқу ақысы төленген соң білім алушының бір оқу бағдарламасынан екінші оқу бағдарламасына өтуі туралы бұйрық шығарады


_ _ _

Loading