Ерлан Каппаров

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Ерлан Каппаров <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсізбе Аканов Айкан Аканович мырза сізден бір өтініш, мен ҰБТ-дан орыс тілін алып тастағанда 45 балл алдым математика 2 балл. Вузға түсе аламында әлде колледжге ма таңдаған пәнім биология. биологиядан 19 балл  жинадым.  Университетке ақылай түсе аламынба, әлде колледжге грантқа түсе аламынба?

 

Саламатсыз ба, Ерлан!    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 балдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 балдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.01.2012 ж. №111 қаулысымен бекітілген  (19.04.2012 ж. № 487) жоғары оқу орындарына қабылдау Типтік бағдарламасының 37 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер ақылы бөлімде оқуға үміткер бола алады.

Үміткерлердің колледжге грант алу мүмкіндіктері жайлы мәліметті тиісті колледждерден білу керек.


_ _ _

Loading