Еңілік Әбітай

27 Jun 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Еңілік Әбітай <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Cәлеметсізбе Аканов Айкан Аканович! Менің таңдау пәнім биология. Мен 1-маусымда ҰБТ тапсырып барлық жинаған балым 83 болды. Қазақ тілі пәнін алып тастағанда 68 балл.Мен бірақ аз жинайм деп ойлаған жоқпын. Менің сіздің университетіңізге грантқа түсуге талпынып едім. Мен медицина саласына оқуға түсу арманым. Менің сізге қояр сауалым: Мен квотаға іліне алмаймынба. Мен Түркістан қаласының мектебін бітірдім. Отбасымызда алты ағайындымыз.  Анам бастауыш сынып мұғалімі, әкем-жұмыссыз. Менің екі әпкем оқиды. Екеуіде Түркістандағы колледждерде о
қиды. Мен сіздің университетіңізге квотаға түсе аламынба. Егер сіздің университетіңізге түсетін болсам, болашақта өз мамандығыма жауаппен қарайтын дәрігер болуға уәде етем. Сіздің жауабыңызды асыға кутем. Еңілік

 

Ответ:

Саламатсыз ба, Еңілік! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.

Білім алу гранттарына үміткерлер арасындағы конкурста ауыл мектептерін бітірген түлектерге, оралмандар,  жетімдер мен мүгедектер-балаларға квоталар бекітілген.

 


_ _ _

Loading