Жадыра Мартеева

01 Jul 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Саламатсызба, Жадыра! Колледжді бітірген талапкерлер кешенді тестілеуден өту қажет. Ол үшін 9 шілдеге дейін құжаттарыңызды қабылдау комиссиясына тапсыруыңыз қажет.

Білім беру грантын тағайындау ережелерінің 6-1 б.сәйкес «Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуына болатын жағдайда І және ІІ топтағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

Қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығыңыз бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынуыңыз қажет.

 


_ _ _

Loading