Жүрсінгүл Нұртайқызы

11 Jan 2021  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:

Қайырлы күн, Талғат Нұрғожин мырза!
Мен 5-ші курс студентінің ата-анасымын (орыс тобы). Деканаттан жіберген хабарлама бойынша 5-ші курс студенттері 11 қаңтар 2021 жылдан бастап университетке барып оқиды екен. Ал еліміздің бас санитарының қаулысы бойынша колледждер мен ЖОО-лардың 1-ші курс студенттеріне ғана штаттық режимде оқуға рұқсат берілгенін білеміз.
Деканаттан бірнеше рет қайталап сұраған едік, оқу офлайн өтеді дегенннен басқа жауап бермеді. Балаларымыз осыған дейін онлайн оқып келді. Енді басқае  қалада түратын болғандықтан, пәтер жалдауымыз керек.

Сондықтан сізден анықтап білгіміз келетіні, 5-ші курс студенттері шынымен университетке барып оқи ма, жоқ әлде онлайн оқуды жалғастыра ма? Ертең әуре болып қалмас үшін нақты жауап беруіңізді сұраймыз. Алдын ала рахмет!

Жауап:

С.Ж. Асфендиярова атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университетінің бекітілген академиялық күнтізбесіне  сәйкес  5 курс жалпы медицина  мектебінің   студенттеріне  сабақ 11.01.2021 жылдан  бекілген кесте бойынша (онлайн және офлайн  түрде)  оқиды.


_ _ _

Loading