Злиха Сисенгалиева

01 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Саламатсыз ба? Осы оқу жылына бөлінген грант сандары туралы мәліметтерді қайдан білуге болады (медицина мамандықтары бойынша) Және биыл гранттар білім саласы бойынша бөлінеді деп көрсетілген. Осы бойынша толық ақпарат берсеңіз.

Ответ:

Қайырлы күн!

Мемлекетік тапсырыс бойынша гранттар саны туралы ақпаратты ҚазҰМУ сайтынан таныса аласыз: https://kaznmu.kz/rus/%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96%d0%ba-%d1%82%d0%b0%d0%bf%d1%81%d1%8b%d1%80%d1%8b%d1%81/

2019 жылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады.

Білім беру бағдарламаларының тобы бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларынан тұрады. Жалпы білім беру бағдарламаларының                    97 тобы бар.ҰБТ-да бейіндік пәндердің келесі комбинациялары анықталған:

Математика Физика
Математика География
Биология Химия
Биология География
Шет тілі Дүниежүзі тарихы
География Шет тілі
Дүниежүзі тарихы Адам. Қоғам. Құқық
Дүниежүзі тарихы География
Қазақ тілі/ Орыс тілі Қазақ әдебиеті/ Орыс әдебиеті
Химия Физика
Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан

Сізге бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда төртке дейін білім беру бағдарламаларының тобын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Мысалы, «Биология» + «Химия» бейіндік пәндер комбинациясымен Сіз білім беру грантын тағайындау конкурсында:

1) «Химия мұғалімдерін даярлау»;

2) «Биологиялық және сабақтас ғылымдар»;

3) «Ветеринария»;

4) «Жалпы медицина» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай аласыз.

Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған (https://testcenter.kz).

Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісіндегі гранттар саны бекітілгеннен кейін жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне сілтеме жасай отырып, ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында орналастырылатын болады.

Қабылдау кезінде грант иегері бола отырып, Сіз білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайсыз.

Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері қабылдау кезінде Сіз «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай аласыз.


_ _ _

Loading