Назира Арыстанбекова

05 Jun 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Назира Арыстанбекова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Құрметті Айкан Аканович!
Мен ата — ана ретінде сізге қояр сұрағым бар еді. Менің қызым Тұрған Расиха Сапарқызы 2011-2012 оқу жылын «Алтын белгі» белгісіне бітіріп, осы оқу орнының жалпы медицина факультетіне оқуға түсті.
2012 жылдың тамыз айында жатақханаға орналасуға барып, құжаттарымызды туралап, мед.сараптамадан өткен кезде қызымның өкпесінен дақ шығып туберкулез деген диагноз қойды. Бұл диагнозды естіген кезде бүкіл отбасымызбен қайғы жұттық. Бұрын соңды естімеген дертті көтере аламызба деп едік, бірақ адам бәрін де көтере алады екен. Алматы қаласындағы туберкулезді зерттеу институтында 2 ай жатып емделді, қалған емін Шымкент қаласындағы қалалық туберкулезге қарсы ауруханада емделіп шықты. Емді 8 ай қабылдап шықты. Қазыр Аллаға шүкір бәрі жақсы. Жалпы медицина факультетінің деканына және т.б. тиісті орындарға құжаттарды тапсырып 1 жылға академический демалысқа шықты. Міне енді осы жылы Алла қаласа оқуымызды жалғастырамыз деп отырмыз. Сізден сұрағым келгені, қызыма 1 курсында оқу орнының тарапынан әлеуметтік көмек болады ма? Біз 1 жыл степендиясын алдық, енді ол 1 курсында степендия алады ма?
Өзіңіз білетіндей бұл ауру адамның әлеуметтік жағдайына көп байланысты. Жақсы тамақтану т.б. Бізді емдеген дәрігеріміз оқу орнының тарапынан көмек ретінде қосымша қаржылай көмек беріледі дейді, сол қаншалықты рас. Дене шынықтыру сабағына қатыса ала ма? Өкпесіне күш түсіруге болмайды деген дәрігердің сөзінен кейін Сізден осыны сұрағым келді. Айқан аға менің бұл хатымды жарияламай — ақ қоюыңызды сұраймын. Қызыма сөз келмесін, қатарынан ұялмасын деген едім. Сізден жауап күтемін. Алла Сізге денсаулық берсін!

 

Құрметті Назира Арыстанбекова!

Сіздің қызыңыз Тұрғын Расиха 2012-2013 оқу жылында 1 курсқа қабылданып содан кейін денсаулығына байланысты академиялық демалыс берілген. Сіздің қойған сұрақтарыңызға келетін болсақ:

1.                  Шәкірт ақы (стипендия). Университеттің 28.12.2012 жылғы №2819 бұйрығы бойынша қызыңызға 21.12.2012 жылдан бастап 01.10.2013 жылға дейін стипендия тағайындалған. Енді Расиха 2013-2014 оқу жылында оқуға келгенде бірінші семестрді аяқтаған соң, қысқы сессияның қорытындысы бойынша, яғни сессия емтихандарын тек «үздік» және «жақсы» деген бағаларға тапсырса шәкір ақы тағайындалады.

2.                  Дене шынықтыру сабағына қатысу. Расиханың академиялық демалысы аяқталып университетке оқуға келген кезде қайтадан медициналық тексерілуден өтеді. Студенттің дене шынықтыру пәніне қатысуы немесе қатыспауы туралы оның дәрігері ғана қорытынды жасай алады. Егер денсаулығынана байланысты бұл пәнге қатыса алмайтын болса, онда дәрігер анықтама береді.

3.                  Әлеуметтік көмек. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 26.06.2012 жылғы №622 «Студенттерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» ережесінің 2 тармағы бойынша туберкулезбен ауырған студенттер тегін тамақтана алады.

 

 

 

 


_ _ _

Loading