Таншолпан Абдикадирова

12 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Салеметсіз бе,Ақанов Айқан Ақанұлы!Мен стоматология факультетінің 2 курс студентімін.Сізге қояр сауалым мынандай: біздің факультетіміздің деканы- Амантаев Бақанай Амантайұлы және декан орынбасары- Құсмолдаева Жазира Нұрасылқызының студенттермен бірге атқарылып жатқан жұмыстары өте керемет. Студенттерді кемсіту, бағаламау секілді теріс қылықтар ол кісілердің бойында мүлдем жоқ.Әр кез өз көмегін бізден аямайды.Басқа да студенттер менің сөзіме қосылады деген ойдамын. Алдағы уақытта сол кісілермен жұмыс істеуге мүмкіншілік бар ма?
Қанша жылда сайлау өткізіліп отырады?

Ответ:

Құрметті Таңшолпан!

Сіздің студенттер тарапынан өз жылы лебізіңізді білдіріп отырғаныңыз үшін үлкен рахмет!

Университеттің ішкі тәртібі  бойынша факультет деканы 3 жылға сайланады. Стоматология факультетінің деканы  2011жылдың  28 мамырынан 2014 жылдың 28 мамырына дейін сайланды.

Декан орынбасары деканның ұсынуымен (сайлаусыз) тағайындалады.

Алдағы уақытта факультет деканы Амантаев Бақанай Амантайұлымен  және декан орынбасары Құсмолдаева Жазира Нұрасылқызымен сіздердің бірлесе жұмыс атқара отырып, көптеген жетістіктерге жететіндіктеріңізге сенімім мол.

 


_ _ _

Loading