Тугизбаев Бейбит Дауренбаевич

20 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, Перевод в КазНМУ

Сұрақ: 

Сіздерге сұрағым бар? Қарағанды мемлекеттік медицина университеттінен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне грантты сақтай отырып ауысуға болама?

Жауап:

Құрметті Тугизбаев Бейбит Дауренбаевич!

Білім алушылардың  басқа жоғарғы оқу орнынан ауысуы  ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 20 қаңтар айындағы №19 қаулысымен бекітілген «Жоғары  бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы  ережесі» бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

Осы ережеге сәйкес студенттер мен магистранттарды басқа жоғары оқу орнынан ұлттық жоғарғы оқу орнына ауыстыру ақылы негізде жүзеге асырылады. Сонымен ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы баллы Ғылым және білім министрлігінің нормативті-құқықтық актісімен тағайындалған баллынан жалпы медицина мамандығы бойынша 20 баллға жоғары болу керек.

Ережеге сәйкес ауысу тек қысқы немесе жазғы каникул мерзімінде ғана жүзеге асырылады.


_ _ _

Loading