Thursday June 29th, 2017 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June 29th, 2017

Базарбекова Еркежан

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Салеметсиз ба?Мен 2017 жылдын тулегимин,Убтдан 102 балл алдым.Биология жане химия пандерин тандадым.Сурайн дегеним жалпы медицина факультетине тусе аламын ба

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина», «Фармация» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілеріқабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Оқуға түсу-түспеуіңіздің мәселесі конкурс кезінде шешіледі.






Жазира Кулжанова

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
2017-2018 жж оку акысы неше? Жалпы медицина

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017-2018  оқу жылына оқудың төлемақы көлемі әзірге белгісіз. Былтыр «Жалпы медицина» мамандығының оқу төлемақысы 847000 құраған болатын.






Айдана Бақытжанқызы

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сəлеметсіздерме?Мен 2017 жылғы мектеп түлегімін!Сіздердің универлеріңізге түскім келеді.ҰБТ -ны жаңа формат бойынша тапсырып 140баллдың 105жинадым?Осы Универге грантка түсуге мүмкіндігім бар ма?рахмет

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.






Кундыз Сактаганова

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсізбе менің ұлым биыл ҰБТ дан 85ұпай жінады.
сізге универге стомотология немесе қоғамдық медицина факультетине тусуге мүмкіндігі барма
ақылы болғанда қанша болады

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға және білім грантына конкурсқа қатысу үшін ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Сіздердің стоматология немесе жалпымедицина факультеттеріне түсу мүмкіндіктеріңіз конкурс барысында шешіледі.
Биылғы 2017-2018 оқу жылына оқу төлемақысы әлі бекітілмеді. Былтыр аталған мамандықтар бойынша оқу төлемақысы жылына 847000 теңге құраған болатын.






Ажар Аяхановна 

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Саламатсыз ба,менің сізге қоятын сұрағым мынандай : Егер эгзаменнен өте алмай пересдачаға қалса ол оқудың ақысы неше болад, биохимия сабағы 3 апталық, ол ақы қалай төленеді , студент санына бөліне ме.

Ответ:

Құрметті Ажар Аюхановна!

Егер студент емтиханнан өте алмаса, келесі академиялық мерзімде немесе жазғы қосымша ақылы семестрде сол сабағының оқу бағдарламасын толық орындап, емтихан тапсырады. Биохимия сабағы оқу бағдарламасы бойынша 162 сағат, оның ішінде 54 сағат – студенттердің өзіндік жұмысы, 108 аудиториялық сағат. Студент биохимия пәні бойынша ақылы семестрге қалған жағдайда 108 сағаттың ақысын төлейді. ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы М.А.Камалиевтің 2017 жылғы 22 мамырдағы №262 бұйрығы бойынша бір академиялық сағаттың ақысы 856 тенге.