Июнь 2017 - Страница 4 из 9 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June, 2017

Назарбай Махатов

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Саламатсыздар ма! Мен Түркістан мемлекеттік медицина колледжін 2014 жылы ақылы түрде бітіріп, қазір мед брат болып ауруханада жұмыс жасаймын. Сіздердің университеттің хирургия бөліміне грантқа түсу үшін тест тапсыруым қажет пе? Және қандай пәндерден, қай кезде басталады? Рахмет!

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы оқу жылына грантқа түсу үшін сіз 17-23 шілде аралығында Кешенді тестке қатысуыңыз керек еді. Ол тестке қатысу үшін өтініштер осы айдың 20 жұлдызында аяқталды. Өкінішке орай, сіз кеш қалдыңыз. Енді сіз тек ақылы бөлімге келе аласыз. Ол үшін сіз тамыз айының 1-8 аралығында өтініш беріп, тамыз айының 19-24 аралығында қайта өтетін кешенді тестілеуге қатысуыңыз керек. Кешенді тестілеу 5 пәннен: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, биология және химия пәндері бойынша жүреді.
Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.






Мохинур Юсанова

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіз бе! Менің қызым 24.06.2017жылы УБТ тапсырып 113 балл жинады. Осы баллмен ҚазҰМҮ ға түсе алама?

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға және білім грантының конкурсына қатысу үшін ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Оқуға түсу-түспеу мүмкіндігі конкурс барысында шешіледі.






Фарида Ермекбаева

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Здравствуйте, мой сын набрал 106 баллов по новому формату ЕНТ, профильные предметы: биология-33 б, химия-23 б
+ имеет отличие «Алтын белгі», живем в сельской местности.Может ли он поступить на грант по специальности «Общая медицина»?
Заранее спасибо!
Ответ:

Здравствуйте! Согласно Типовым правилам приема в национальные учебные заведения пороговым баллом для участия в конкурсе для присуждения образовательного гранта и зачисления на платное обучение зачисляются выпускники организаций образования, реализующих образовательные программы общесреднего или технического и профессионального послесреднего образования, прошедшие ЕНТ или КТ, набравшие по результатам тестирования не менее 65 баллов, в том числе не менее 5 баллов по истории Казахстана,математической грамотности, грамотности чтения – язык обучения, и не менее 15 баллов по каждому профильному предмету ости чтения – язык обучения, и не менее 15 баллов по каждому профильному предмету.
В текущем году обладатели знака «Алтын белгі» имеют преимущество при равном количестве баллов. Например, если обладатель знака «Алтын белгі» и не обладатель знака «Алтын белгі» набрали по 106 баллов, то грант получает обладатель знака «Алтын белгі». Если обладатель знака «Алтын белгі» набрал меньшее количество баллов, чем выпускник не обладающий знаком «Алтын белгі», грант получает набравший наибольшее количество баллов.
Также при рассмотрении баллов на конкурсе учитывается сельская квота.






Алимжан Алимжан

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
сәлеметсіздерме здравоохранение мамандығының баллы нешеден басталады? Оның баллы медицинадан жоғары болады ма?

Ответ:

Сәлеметсіз бе! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Аталған мамандықтардың өту баллы конкурстан кейін белгілі болады.






Ақбота Інкəр

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Саламатсыз ба.Мен 2017 жылғы түлекпін.Ұлттық Бірыңғай тесттілеуден 87 балл жинадым.Фармаевтикалық өндіріс технологиясы факультетіне түсе аламын ба.Таңдау пəнім химия биология

Ответ:

Сәлеметсіз бе! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім грантының конкурына қатысуға және ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған мектеп немесе колледж түлектері қабылданады. Оқуға түсу мәселесі конкурс барысында шешіледі