Tuesday July 25th, 2017 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July 25th, 2017

Гульжан Кипшакбаевна Серманизова

25 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Здравствуйте, Уважаемый ректор КазНМУ! Мои поздравления с назначением на должность!!!
У меня вопрос: моя дочь закончила в этом году среднюю школу с золотой медалью. В силу определенных обстоятельств не набрала на ЕНТ пороговое количество баллов. Повторное  ЕНТ проходить будет с 19-24 августа, пока получим сертификат — пройдет еще 3-4 дня — может получиться так, что мы не успеем подать заявление на платное обучение в университете!? ЧТО НАМ ДЕЛАТЬ???

Ответ:

Добрый день, уважаемая Гульжан Кипшакбаевна!

Согласно календаря абитуриента 2017 года зачисление в число студентов приемной комиссией КазНМУ проводится с 10 по 28 августа. Календарь составлялся с учетом всех сроков сдачи повторного КТ (комплексного тестирования) и получения сертификатов с результатами тестирования. Сертификаты КТ выдаются сразу же после окончания последнего дня тестирования. К подаче заявления и документов на платное обучение в КазНМУ Вы успеете.






Дана Кемел

25 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Саламатсызба!
1) Осы жылы университетте грант саны артады ма? артса қаншалықты? Университеттегі әр мамандықтардың грант сандары қанша?
2) Грант мамандық бойынша беріледі ме, әлде оқу орны бойынша ма?
3) Жалпы елімізде медицина мамандығына бөлінетін грант саны қазір қанша?

Ответ:

Сәлеметсіз бе, Дана Кемел!
Биылғы оқу жылына ҚазҰМУ-не бөлінген грант саны өткен жылғы грант санымен бірдей. Барлық мамандықтарға бөлінген мемлекеттік тапсырыс саны — 600. Біздің университетімізге қазақ бөліміне жалпы медицина мамандығына 270, педиатрия — 100, стоматология — 10, фармация — 10, қоғамдық денсаулық сақтау — 10 грант бөлінген.  Мемлекеттік білім гранты оқу орны, оның ішінде мамандық, оның ішінде оқу тілі бойынша бөлінеді. Республика бойынша жоғары медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша 3150 мемлекеттік грант орындары медициналық жоғары оқу орындарында конкурс негізінде орналастырылатын болады.






Гульмира Сапарова

25 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Салеметсиз бе? Мен Республикалык Медициналык Колледжин битиргенмин.мамандыгым мейрбике ісі.Сиздерде фармакология саласында кандай мамандыктар бар?.оку акысы канша? Сырттай болимдер барма?Отиниш сурагыма жауап алсам деп едим.Ракмет.

Ответ:

Саламатсыз ба, Гульмира Сапарова! ҚазҰМУ-де «Фармация» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөлімінде оқу мерзімі 5 жыл. Оқудың төлемақысы былтырғы оқу жылы 770 мың теңге құраған, биылғы оқу жылына оқу төлемақысы бекітілмеді. Аталған мамандық бойынша дистанционды оқыту бар, алайда оқытудың бұл формасы жоғары білім негізінде жүзеге асырылады. Колледжді аталған мамандық бойынша бітірген болсаңыз, сіз «Фармация» факультетінің қысқартылған бөліміне түсуге мүмкіндігіңіз болар еді. Өкінішке орай, Сіздің алған орта кәсіптік мамандығыңыз өзгеше болып тұр.