Август 2017 - Страница 6 из 10 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за August, 2017

Bella Sadaeva

17 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Здравствуйте! Возможно ли проконсультироваться по поводу перевода в Ваш ВУЗ. Я перешла на 4 курс, задолженностей ни по каким дисциплинам нет (Россия, Медицинский институт ЧГУ, г.Грозный, специальность лечебное дело).

С уважением,

Bella Sadaeva

Ответ:

Уважаемая  Белла  Садаева!

Согласно приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от «20» января 2015 года №19 «Правила перевода и восстановления обучающихся по типам организации образования» при переводе обучающегося из другого ВУЗа представляется документ об освоенных учебных программах (академическая справка, транскрипт) (www.edu.gov.).

Обучающиеся могут переводиться или восстановиться, если им был полностью завершен первый академический период осваиваемой программы. При переводе обучающихся,  курс обучения определяется с учетом  перечня пререквизитов дисциплин, разницы в учебной программе и GPA балла студента.

Перевод студентов с других вузов и других специальности осуществляется только на платной основе. Сертификат единого национального тестирования или комплексного тестирования не ниже 80 баллов. Перевод осуществляется в период летних и зимних каникул после подачи заявления о переводе.






Гулайым Ерекеева

17 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Ассалаумағалейкүм қүриетті  ректор мырза
Менің  медико профилактика факултетінде ақылы оқып жатқан 1 курс  баламды общий медициналық факултетке ақылы оқыуға көшіріуге болама
Болмаса басқа қаладағы медициналық университетке общий медициналық факултетке көшіуге болама
Балам лечебный врач болмасам оқымаймын деп жатыр
Құрметпен анасы

Ответ:

Салеметсіз ба?!

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУнің «ЖОО ауысу және қайта қабылдану ережесінің»( №840  30.12.2017ж.)    5 тармағының, 38 тармақшасында  -жалпы медицина мамандығына басқа мамандықтан ауысу кезінде ҰБТ немесе КТ сертификатының  80 балды құрау қажет екені көрсетілген.Студенттің  ҰБТ немесе КТ сертификатының  баллы  80нен асқан жағдайда,  жалпы медицина мамандығына ауыса алады.

Студенттердің  бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу рәсімі жазғы және қысқы емтихан сессиясынан кейін жүзеге асырылады.

Студент басқа факультетке ауысатын кезде тіркеуші кеңседен транскрипт алып, факультет деканына өтініш жазады.Факультет деканы ( әр курсқа жауапты декан орынбасары немесе тьютор) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын анықтайды. Егер студенттің пән айырмашылығы 4 пәннен аспаған жағдайда және пререквезит пәндерін өтеуіне байланысты  курсы анықталады.

 






Интерндер 2017 выпускники

17 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Біздің қойған  сұрағымызға «…Сіздерге ағымдағы интерн емтиханында Ж. Амангелді, М. Рахымжан, Э. Хамитов, Е. Сапарбеков, А. Медерованың білім беру бағалау орталығының жасаған актісі бойынша телефон қолданғандығы расталғанын хабарлаймыз. Осылайша, жоғарыда аталған интерндер С.Ж. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ-дың Ішкі тәртіп Ережесін, 2016-2017 оқу жылына арналған «С.Ж. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалау Ережесін және Академиялық адалдық туралы Ережесін бұзды» делінген, ия оны өзімізде жаздық емес пе. Сол хатымызға осылай жәйжапсар әңгімелермен тыныш барлық кінәні студенттің өз мойнына артып қоя салады деп ойламаппыз, Мәселен, «…Қорытынды  мемлекеттік аттестациялаудың екінші кезеңі – тәжірибелік дағдыларды тапсыру барысында, тәжірибелік дағдылар орталығының  қызметкерлері 723-2 топ интерні М.М. Жагановадан ұялы телефонды тек интерннің өз станциясынан шыққан сәттен кейін алды» деп отырған интерн жайында. Сонда тәжірибелік дағдылар орталығының   бастығы Зауреш Примтаевна жөн-жосықсыз акт жаза бере ме???  Декан орынбасары Зулфия Мейрхановна өзі «тәжірибелік дағдылар орталығының   бастығы Зауреш Примтаевна  723-2 топ интерні М.М. Жаганованы ұялы телефонмен ұстап акт жазды,телефонмен кірмеңдер оқудан шығасыңдар» деп ескерткен оны бүкіл 740 түлек растай алады.  Екіншіден МАК хатшыларынан рас па,акт бар ма дегенде ия,міне деп көрсеткен. Кейін 180 градусқа өзгеріп отыр???   Үшіншіден,неге жауап екі аптадан кейін шығып отыр??? Жагановаға жазылған актілерді жою үшін бе??? Бізде  шырылдап айттық қой  бізге звондады, біз тек өшірдік ештене көшірген жоқпыз деп видиорегистраторды көтеріңіздер декан ханым, Зауреш Примтаевна, Зулфия Мейрхановна әділдік кайда ???      «…Тәуелсіз аттестаттациялауға дайындық кезінде бірқатар интерндер, соның ішінде Сіздерде, (өзіңіз хаттыңызда  көрсеттіңіз) атап өткен дайындық тестілеулерге қатысқан жоқсыздар. Бұл мәселе бойынша деканат  Сіздерден түсініктеме жаздыртуға мәжбүр болған еді. Түсініктемеде Сіздердің нақты себептерді атап көрсетпегендіктен, Сіздерге қайтадан түсініктеме жазғыздыртуға тура келді бұл Сіздердің сөздеріңіз, дайындық пен мемлекеттік қортынды емтихан  жігін  ажырату  қиын ба,айырмашылық бар ма?? бізше үлкен айырмашылық бар. Негізінде , Бұл жөнінде де жазғанбыз,оны қайталаудың керегі не??? декан ханым,  Зулфия Мейрхановна!!!
«…Білім және ғылым ұйымдарында интерн түлектерге кешенді тестілеу жүргізу Тәртібі  бойынша ҚР денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының тәуелсіз комиссиясы жүргізген 2017 жылдың 15 маусымда өткен қорытынды  мемлекеттік аттестациялаудың бірінші кезеңінде 3 интерн қанағаттанарлықсыз баға алды.Содан соң, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы  тәуелсіз сарапшылардың жүргізуімен 2017 жылдың 12 шілдесінде аталмыш интерндерге қайта тапсыруға рұқсат беріп, нәтижесінде интерндер өту балын жинады» Егер  Сіздер  жазғандай. ҚР денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік емтиханды қайта тапсырып,диплом алуға рұқсат берсе ,онда бізге неге рұқсат бермеді. Ендеше біз . ҚР денсаулық сақтау министрлігіне, Нұр Отанға жүгінейік.  Біз Сізден әділдік шешім күтіп алдыңыздан өттік, мүмкін біздің хаттарымыз Сізге жетпеген болар,әлі де әділдік күтеміз,Бірақ  Біз барлық куәландыратын қағаздарды жойып жібергендеріне күмән келтірмейміз,екі апта жауап күттік, деканатқа хабарластық себебін біле алмадық. Қорытынды емтиханды шешуге болғанда,неге аралық емтихандар шешілмейді??? Бұл жерде академиялық адалдық тек студенттерге ме, ал  МАК  төреағасына,мүшелеріне,декан,декан орынбасары мен тәжірибелік дағды орталығына қатысы жоқ сияқты,өздері шешетін секілді,сондықтан ол кісілерде академиялық адалдықты ұстанса.

Ответ:

Құрметті интерндер!

  1. ҚазҰМУ ректорының м.а. 2017 жылдың 22 ақпан айындағы «2016-2017 оқу жылғы аттестациялық комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 62 бұйрығында 2016-2017 оқу жылының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудың аттестациялық комиссия құрамы бекітілген болатын.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 125 бұйрығында (2017 жылдың 5 сәуірінде өзгерістер енгізілген) ЖОО-ның білім алушыларын қорытынды аттестаттау тәртібі  регламенттеледі.
  3. 2016-2017 оқу жылындағы акдемиялық күнтізбеге сәйкес интерндердің қорытынды мемлекеттік аттестациялау кестесі бекітілді.
  4. ҚРДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің Директоры А.К.Каптагаеваның 2017 жылдың 30 мамыр айындағы №06-9/2027 хатына, сонымен қатар  Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығының бас директорының м.а. А.Айыпханованың 2017 жылдың 22 мамыр айындағы хатына сәйкес екі кезеңді тестілеу күні мен статусы туралы өкім дайындалды: 2017 жылдың 6-7 маусым айында – тестілеу,  статусы – «сынамалық». 2017 жылдың 7-10 маусым айында – бекітілген ҚМА графигіне және ұйымдастырушылық сәттерге байланысты білім мен дағдыны бағалау Орталығында (тәжірибелік денсаулық сақтау бойынша тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен) тәжірибелік дағдыны бағалау, статусы «шартты» – тәуелсіз тестілеу бағасы қанағаттанарлықсыз болса, есепке алмайды. 15 маусым – тәуелсіз тестілеу. Екі кезең 50% -дан ҚМА қорытынды бағасын құрайды.
  5. ҚМА өткізу барысында туындаған әрбір жағдай мен әрбір нақты интерн бойынша шешімді МАК қабылдайды. Декан орынбасарының міндеті қорытынды мемлекеттік аттестацияға интерндердің қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
  6. На основании полученной оценки по результатам независомой оценки, выданной сотрудниками РЦОЗН, а также по результатам оценки практических навыков вышеупомянутым интернам был выданы документы об окончании.
  7. ҚРДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің Директоры А.К.Каптагаеваның ДББРО бастығы Г.Т. Жангерееваға 2017 жылғы 05 шілде айында №06-9 ЖГ-А-1530 жолдаған хатында 2017 жылы 15 маусымда тәуелсіз тестілеуді тапсырмаған және шекті деңгейге қол жеткізе алмаған «Терапия» дайындау бағытының интерндері А. Абдуллаев пен А.Толеуханова 2017 жылдың 11 шілде айында өтетін резиденттердің тәуелсіз тестілеуінде қайта тапсыру қажеттігі туралы жазылған. ДББРО қызметкерлерімен берілген тәуелсіз бағалау нәтижелері негізінде, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды бағалау нәтижелері негізінде жоғарыда аты аталған интерндер бітіру туралы құжаттарын алды.





vishvendra singh

17 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Dear sir,
i want to know that admission are open for indian students in degree in medicine or not.

Ответ:

No, there is no admission for the academic year 2017/2018. This year we don’t enroll international students.






Асем Сарынжиева

17 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Құрметті, Талғат Сейтжанұлы.
Мен, Сарынжиева Асем Январбекқызы қызым Мейрамова Айгерім Ержанқызы биылғы ҰБТ дан 104 бал алған. С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық университетіне педиатрия бөліміне тапсырған, сонымен қатар басқа да жоғарғы оқу орындарын көрсеткен.Биылғы грант иегерлерінің тізімін қарасақ,104 балмен педиатрия  бөліміне түскен 4 талапкерді көрдік олар орыс бөліміне түскен, ал қазақ бөліміне одан да жоғары баллмен түскендерді көрдік. Менің түсінбей отырған себебім, орыс бөліміне 104 балмен түсе алады да, ал қазақ бөліміне мүмкіндік жоқ па не? Жалпы республика бойынша педиатрия бөліміне 150 грант бөлінген, ал тізім бойынша 146 адам болып тур, еш болмаса орыс бөліміне қабылдасаңыз деген үміттемін. Өзім жұмыссызбын, 4 баланың анасымын, ақылы оқытуға жағдайым жоқ.Менің өтінішімді орындайды деген сенімдемін.

Ответ:

Қайырлы күн, құрметті Асем Январбекқызы!
Білім беру гранттарын үлестіру Университет құзіреттілігінде емес. Ол мәселемен Білім Беру және Ғылым Минимтрлігінде арнайы конкурстық Комиссия айналысады.Орыс бөлімінің өту балының төмен болу себебі — орыс бөліміне өтініш беріп білім беру гранты сайысына түсетін талапкерлер санының аз болуы. Қазақ бөліміне өтініш білдіретіндер саны көп болғандықтан ол бөлімге өту балы да жоғары. Сіздің көрген тізімдегі 146 талапкерлермен қатар қосымша 21 адамға грант берілді, олар қосымша тізімде көрсетілген, сонымен жалпы олардың жалпы саны 167 құрайды.