Thursday July 18th, 2019 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July 18th, 2019

Улыкбек Дауренов

18 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Құрметті, Талғат Сейтжанұлы!
Мен Жалпы медицина мектебінің 3-курс студенті Дауренов Улыкбек келесі сұрақтарға жауап беруіңізді өтінемін.
1.Мен «Академиялық байланыс» арқылы Астана медицина университетіне 6 ай көлемінде(1семестр) білім алмасып,білім алуға ауысқым келеді.Бұл үшін қандай критерийге сай болуым керек және қай курста ауысуыма болады?Қандай құжаттар қажет болады?
2.Естуімізше 2018-жылғы реформа бойынша Жалпы медицина мамандығында оқу ұзақтығы 6 жыл (4+2) болып ауысыпты.Бұл өзгеріс қаншалықты рас және қай жылы түскен студенттерге тиісті?

 

Ответ:

Бірінші сұраққа жауап.

ҚеАҚ «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің» білім алушылары академиялық ұтқырлықты С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ережесіне сәйкес іске асыралады.

Сіз, АҚ «Астана Медициналық университетіне» академиялық ұтқырлыққа бара аласыз.

Алайда, екі университеттің (ҚазҰМУ және АМУ) жұмыс оқу бағдарламасында айырмашылығы болуына байланысты, академиялық айырмашылықтарды 2019-2020 оқу жылының жазғы ақылы семестрінде өтеп жоя аласыз. Толық мәлімет алу үшін, сіз Жалпы медицина мектебінің деканатына келеңіз.

Екінші сұраққа жауап.

2019-2020 оқу жылында Қазақстанның барлық медициналық ЖОО-да жаңа білім стандартына «Медицина» білім бағдарлама бойынша мамандық дайындауда енгізулер жүргізуде. Осыған орай, медициналық үздіксіз дайындық базаларда 6 жылдық және 3 жыл резидентурада белгілі мамандық бойынша оқутылар қатастырылуда.