Wednesday October 30th, 2019 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за October 30th, 2019

Акмарал Тургалиева

30 Oct 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Сәлеметсіз бе?! Бұл 7 курс студентінен өтініш. Бізге 3 жақты келісім шарт толтыру міндеттеліп жатыр. Апрель-Май айларында бос орындар жәрмеңкесі болады екен. Ол уақытқа дейін Біз келісім шартты толтырып қою керекпіз. Толтырсақ жәрмеңкенің қажеті болмай калады. Сол үшін жәрмеңкені ертерек ұйымдастыруға немесе келісім шарт толтыру уақытын ұзартуға болса деген ұсыныс. Біз салыстырып көргіміз келеді ұсыныстарды. Рахмет!

Ответ:

Қайырлы күн. Шын мәнінде Жас мамандарды және философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу комиссиясы шешімінің (2019 жылдың 24 қыркүйегіндегі хаттамасы)          4.2 тарағына сәйкес бітірушілерге 3-жақты келісім шарт (білім беруші ұйым/ бітіруші/ денсаулық сақтау ұйымдары) жасауы қажет. Бітіруші болашақ жұмыс орнын айқындау үшін www.enbek.kz сайтына тіркеліп, бүкіл Республика бойынша бос жұмыс орындарынан  өз мамандығы бойынша таңдауы қажет. Жұмыс шарты және байланыс мәліметтерін туралы осы сайттан біле аласыз. Сондай-ақ, Сізді қызықтыратын сұрақтарды жұмыс берушімен байланысу арқылы талқылай аласыз.  Бұл алгоритм 2019 жылдың наурыз айынан бастап енгізілген.

Енді Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу туралы сұраққа келсек, оны өткізу қажеттілігі Денсаулық сақтау басқармаларымен келісілуі тиіс болады.

Жұмысқа орналасуға байланысты қосымша сұрақтар бойынша Студенттерді қабылдау, кәсіби бағдар беру басқармасынан біле аласыздар (№5 оқу ғимараты,                     201 кабинет, тел: 338-70-90 (75-31; 75-32).

Поисковые слова:

  • https://kaznmu edu kz/blog/category/от-абитуриента-2/page/5/