Вопросы-ответы Archives - Page 306 of 358 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Вопросы-ответы

Салтанат Абай

28 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
Салеметсиз бе( Сизге кояр сурагым 2 курста бизге сабак 15 апталык бола ма( алде бул тек 1 курстарга ма)

Ответ:

Құрметті Салтанат!

Барлығымызға белгілі, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады. ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде 2012-2013 өқу жылында «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша кредиттік оқыту технологиясын енгізу жоспарланудаю Кредиттік оқыту технологиясының ережелеріне сәйкесб біз қазір барлық курстар үшін академиялық кезен ұзақтығын семестр үшін 15 аптаға жоспарлау мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз.

 

 






Жасулан Турлыбек

28 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсізбе Айқын Айқынович.Менім сұрағым келесі мен Астана қаласындағы медициналық институтында 2-курс (грант) студентімін.Отбасымның жағдайы бойынша әкем 2-ші топтағы мүгедек және  анам зейнеткер.Мемлекеттік грантымды сақтай отырып Алматы қаласындаы Асфендияров атындағы медициналық институтына ауысымның қандай жолдары бар.Осы қалада  туған тәтем тұруына байланысты.Үлкен үмітпен хат жолдап отырмын.1- курстан 2-курсқа дейін сессиядағы тапсырған емтихан барлығы бестік.

 

Ответ:

Құрметті  Жасулан Турлыбек!

Білім алушыларды  басқа жоғарғы оқу орнынан ауыстыру  ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2008 жылдың 9 желтоқсанында шыққан № 638 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында  іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы  міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.

Біздің университетке ауысу үшін, Сізге:  білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш бересіз  және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып,  С.Ж.Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ ректорына өтініш,  құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі қажет: факультет деканы   қол қойған оқу карточкасы, оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен расталған, мөрмен бекітілген және кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипт; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініш көшірмесі. Сонымен қатар,  сізді біздің  оқу орнына қабалдау ваканттық орындарға байланысты жүзеге асырылады.

Сізге оқу бағдарламасы бойынша  пән айырмашылығын   және   курсын анықтай   үшін С.Ж. Асфендияров атындағы жалпы медицина факультеті деканатына   жолығуыңыз  қажет  (Алматы қаласы, Төле би көшесі 54, тел. (7272) 92 69 69 ішкі 135, 134).






Мадина Абдраимова

28 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Здравствуйте! я Хотела бы узнать, я на ЕНТ набираю 85-90 с казахским, без казахского 67-70 могу ли я поступить на стоматологический факультет платное отделение??? и сколько будет стоит в 2012 обучение на стом.фак????

Ответ:

Уважаемая Мадина!

Проходной балл на платное отделение национальных  ВУЗов  РК составляет 70 баллов.

В 2011г. обучение стоило 770,700 тенге, на очередной учебный год цены устанавливаются Постановлением Правительства РК  в июле текущего года.

Подробную  информацию вы сможете получить по тел.: 8(727) 2-92-69-69 (внут. 284)

 

 

 






Айдана Өміртаева

28 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: От студента
Cалеметсизбе Айкан Аканович
мен медициналық колледжді осы жылы кудай каласа битирем колледждан кейін СЭС маманына тапсырсам нешинши курстан бастап окыймын? тест тапсырам ба? грант бар ма? рахмет

 

Ответ:

Құрметті Өміртаева Айдана!

Медициналық колледжді бітіргеннен кейін Сіз ҚазҰМУ-не «Медициналық-профилактикалық іс» және «Жалпы медицина» мамандықтарына түсе аласыз, бірақ 1 курстан бастап оқисыз, жалпы конкурс бойынша грантқа өтесіз.






Таншолпан Абдикадирова

12 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Салеметсіз бе,Ақанов Айқан Ақанұлы!Мен стоматология факультетінің 2 курс студентімін.Сізге қояр сауалым мынандай: біздің факультетіміздің деканы- Амантаев Бақанай Амантайұлы және декан орынбасары- Құсмолдаева Жазира Нұрасылқызының студенттермен бірге атқарылып жатқан жұмыстары өте керемет. Студенттерді кемсіту, бағаламау секілді теріс қылықтар ол кісілердің бойында мүлдем жоқ.Әр кез өз көмегін бізден аямайды.Басқа да студенттер менің сөзіме қосылады деген ойдамын. Алдағы уақытта сол кісілермен жұмыс істеуге мүмкіншілік бар ма?
Қанша жылда сайлау өткізіліп отырады?

Ответ:

Құрметті Таңшолпан!

Сіздің студенттер тарапынан өз жылы лебізіңізді білдіріп отырғаныңыз үшін үлкен рахмет!

Университеттің ішкі тәртібі  бойынша факультет деканы 3 жылға сайланады. Стоматология факультетінің деканы  2011жылдың  28 мамырынан 2014 жылдың 28 мамырына дейін сайланды.

Декан орынбасары деканның ұсынуымен (сайлаусыз) тағайындалады.

Алдағы уақытта факультет деканы Амантаев Бақанай Амантайұлымен  және декан орынбасары Құсмолдаева Жазира Нұрасылқызымен сіздердің бірлесе жұмыс атқара отырып, көптеген жетістіктерге жететіндіктеріңізге сенімім мол.