Аида

20 Dec 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Құрметті Аида!

     С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кәсіби даярлық факультетінде (интернатурада) Қазақстан Республикасының  2006 жылғы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Жалпы медицина» мамандықтарының бағыттары: терапия, хирургия, акушерия және гинекология, жалпы тәжірибе дәрігері (ЖТД), педиатрия және  «стоматология».

     Медициналық білім беру көп сатылы болуына байланысты бакалавриаттан (5 жыл) кейін екі жыл интернатура, содан кейін клиникалық маманықтар бойынша дәрігер мамандарын даярлаумен резидентура айналысады. Сіз резидентурада  кардиология бағыты бойынша оқуыңызға болады.

   Резидентурада  мемлекеттік грант негізінде білім алу үшін емтихан тапсырасыз: 1) шет тілдердің бірінен (ағылшын, неміс, француз); 2) мамандығыңыз бойынша білім деңгейін тексеру және мамандықты таңдауыңызды анықтау мақсатында сұхбат (собеседование) өткізіледі.


_ _ _

Loading