Айгүл Қапан

04 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсіз бе ректор мырза! Мен Кызылорда қаласынның тұрғыны, 3 мектеп лицейдің 11 сынып оқушысымын. Мен осы жылы сіздің университетіңізге түсем деген алға мақсат қойдым. Бірақ, уйдің жағдайына байланысты міндетті түрде грантка түсуге тиістімін. Алдаға ҰБТ дан ойдағыдай балл алуға тырысамын. Басқа да университеттердегідей сіздерде де грант жеңу үшін конкурстар өткізілмейді ме? Және де сіздердің университеттеріңізді алдын ала көріп, сізбен бетпе бет сөйлесіп кетсем ба деген ойым бар. Кандай құжаттар керек және қанша баллмен грантқа тÑ
�суге болатынын айтсаңыз.

Құрметті Айгүл Қапан!

Сіздің жоғары білім алу үшін біздің университетті таңдағаныңызға алғысымызды білдіреміз.

Сіз грантты ұтып ала аласыз ба, жоқ па біз алдын-ала айта алмаймыз, себебі грантқа түсу үшін қабылдану балдары әр жылы әртүрлі болады. Биылғы жылдың балдары былтырғы жылмен сәйкес келмеуі мүмкін. Сол себепті Сізге қазір нақты жауап бере алмаймыз. Құжаттар толық қабылданған соң, конкурстық байқаудан кейін ғана грантқа түсе алатын балдар белгілі болады. Білім   гранттарын беру  жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия өткізеді. Қосымша ақпаратты біздің сайттың «Абитуриенттерге» бөлімінен алуға болады.  (www.kaznmu.kz)

Сонымен қатар,  университетпен және таңдаған мамандығыңыз бойынша деканатпен  алдын ала танысуға болатынын айтамыз. Біздің мекен жайымыз: Алматы қ, Төле би к, 94.

Сізге біздің   университетімізге оқуға түсуіңізге тілектеспіз.

 


_ _ _

Loading