Айнур Мусаева

05 Feb 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Салеметсиз бе,курметти ректор,Айкан Аканулы.Мен 7 курс интернмин,сизден практика жайлы сурайын деп едим,бизге Шымкент каласына практиканы отеуге руксат бермей жатыр.Коп жагдайга байлынысты,баска калага баруга киын согып тур.Практикага баруымнын ен биринши максаты,биликтилигимди арттыру.Арбир интерн ушин бул манызды жане уйренем деген адам ушин кайда жиберседе ол тажрибесин арттырады.Неге бизди Шымкент каласына жибермей жатканнын себебин билсем бола ма?

Ответ:

Құрметті    Айнур Мусаева!

Дуальды форматпен оқу аясында  Жоғарғы оқу орындарымен аймақтық денсаулық  сақтау басқармалары интерндердің  аймақтық тәжірибе өтуі үшін  екі жақты келісімшартқа отырады.  2014-2015 оқу жылына  біздің университетпен  11 аймақ екі жақты келісімшартқа отырған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық  аймақтық денсаулық  сақтау басқармалары интерндердің  аймақтық тәжірибе өтуі үшін  екі жақты келісімшартқа отырмаған. Сондықтан Шымкент қаласында аймақтық тәжірибе өтуге рұқсат жоқ. Өзіңіз айтқандай үйренем деген адам үшін қайда жіберседе тәжірибесін арттыруына болады. Ендеше біліктілігіңізді екі жақты келісімшартқа отырған аймақтарда арттырыңыз.

Қосымша ақпарат: қандай аймақтарды интерндер таңдағандарын  интернатура деканатынан білуіңізгу болады.


_ _ _

Loading