Ерболат Бекенов

03 Apr 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Ерболат Бекенов <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсізбе Ақанов Айқан Ақанұлы мен Жамбыл медициналық колледжінің білімгерімін 3 курс келесі жылы бітірем сіздердің  университетінізге түскім келеді. қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан тапсырдық зидерге тапсырамынба және сіздерде нефролог дамандығын оқытасыздарма.

Құрметті, Ерболат Бекенов!

Медицина колледжін тамамдаған соң,  Білім алу грантына конкурсқа қатысуы үшін кешенді тестілеуден өтуіңіз керек. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау үшін Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады. 

Медицина колледжін тамамдаған студенттер оқуды 1 курстан бастап,  жалпымен бірдей оқиды, Қазақстан тарихынан 1 курстың оқу бағдарламасы бойынша 3 кредит оқып, мемлекеттік емтихан тапсырады.

Жоғары білімді мамандар дайындау базалық медициналық білім беру аумағында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша дәрігер біліктілігін берілуі (5+2) қарастырылған, соңғы 2 жыл – интернатура болып саналады. Интернатураны кейін мемлекеттік аттестация тапсырып клиникалық маман екендігін растайтын құжат беріледі. Интернатура өтпеген түлектер клиникалық тәжірибеге жіберілмейді. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша базалық медициналық білімді (5+2) аяқтаған түлектер «дәрігер» біліктілігін алады. Оқу бітірген түлектерге жалпы тәжірибелік дәрігер немесе гигиена-эпидемиология бағытында дәрігер ретінде қызмет етуге рұқсат беріледі, сонымен қатар олар резидентурада оқуын жалғастырып, жекелеген мамандық  игерулеріне болады (2-4 жыл). Резидентура мамандықтары бойынша білім алған мамандар лицензияландыруға емтихан тапсырғаннан кейін ғана дербес тәжірибелік қызметке рұқсат алады.

 


_ _ _

Loading