Еркін Ергенов

03 Oct 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Кұрметті Еркін Ергенов!

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысы (2013.09.07. берілген өзгерістермен)сәйкес:

13.Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);

2) мамандық бойынша тапсырады.

14. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:

1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі);

2) мамандық бойынша тапсырады.

Университеттің қабылдау комиссиясы магистратураға оқуға түсетін түлектерінен шет тілдерінің деңгейін қарайды. Себебі, магистранттар оқу кезңінде шет елдерге іс сапарға барғандықтан, шет тілін білу қажет.


_ _ _

Loading