Ерсін Қасымбеков

17 Feb 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Саламатсызба Аканов Айкан Аканович ! Мен сұрайын дегем сіздерде қашан ЕНТ болады Кардиохирургия мамандығына тусу үшін қанша бал болуы керек орыс тілінсіз

Ответ:

Саламатсыз ба Ерсін! ҰБТ (ЕНТ) университет тарапынан емес, мектептер тарапынан ұйымдастырылады және жыл сайын маусым айының алғашқы күндерінде өткізіледі. ҰБТ тапсырғаннан соң, білім беру грантын тағайындау конкурсына құжаттарды тапсыру мерзімі – шілде айының 23 – 31 күндері.

Кардиохирургия маманы болу үшін Сіз «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат (5 жыл), содан соң интернатура (2 жыл) және резидентураны (2-4 жыл) оқып, бітіруіңіз қажет.

2015 жылы грантқа өту баллдары бойынша көрсеткіштер жыл сайын өзгеруде, ол таңдаған мамандығыңызға (Жалпы медицина) бөлінген грант санына, конкурсқа өтініш берген талапкерлер санына және т.б. көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырады және тек конкурс аяқталған кезде белгілі болады. Сондықтан қажетті балл бойынша ақпаратты әзірге бере алмаймыз.


_ _ _

Loading