Касым Серик

20 Dec 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Касым Серик <[email protected]>
Тема вопроса: От студента
Аса құрметті Аканов Айкан Аканұлы, мен сізден осы хатымды толық оқып, кезекті жиналысыңызда оқып беруіңізді өтінемін!
Қазақ халқының шолпан жұлдыздарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиеден мақсұт – баланың тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару. Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі» дегеніндей ақпараттық технологиялар заманында жоғары білімді ұлт болуымыз үшін жас ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеуде өз орны айқын көрінетін, әрбір студентке жеке дара қарап, мәселелерді даралап шешетін оқу-және тәрбие ісі жөніндегі проректор Төлебаев Қазбек Ағабылұлының ұстаз ретінде алар орны ерекше.
Қазақстанда қазіргі уақытта білім беру жүйесі – болашақ ұрпақты жан – жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені сөзсіз. Экономикалық бәсекелестік заманның қиындығына төтеп бере алу үшін әуелі сол қиындықты шешу жолын үйрететін қабілетті ұстаз болу тиіс. Осындай қабілетті ұстаз деп Жалпы медицина факультетінің деканы Джумашева Рахима Тажибайқызы мен «Жалпы медицина» факультеті деканының орынбасары Абдіхалықова Айнур Имашқызын ерекше атап айтар едім.
Мемлекеттік рәміздерге таза жүрекпен қара¬май, нағыз патриотизм болмайды. Сондықтан патриотизм дегеніміз – көпіріп айтар сөз, пікірталас тақырыбы емес, ол – нақты іс. Ұлттың денсаулығы туралы күресесің бе, сен – патриотсың! Зәруге қолұшын соза¬сың ба, сен – патриотсың! Маңдай теріңді сүр-тіп еңбектенесің бе, сен – патриотсың! Деп санамызды жаңғыртатын ұстаз Мустафина Жанар Ғабиденқызы, студенттерді тек патриоттық жолда ғана емес, сан түрлі саланы біріктіре отырып, жемқорлықты жоюда белсенді тұлға деп білемін.
Ғылым, шын мәніне келгенде, ақыл-парасатқа және кең мағынада алғанда естілікке деген туасы құрмет-ілтипат. Менің өмірімде бірінші орын алғаны да және алатыны да ғылыми ізденіс, ғылыми жұмыс, ғылыми еркін ой және тұлғаның ақиқатты творчестволықпен іздену. Ғылымға көз ашу үшін. Сол қараңғыда жарқырайтын жарық керек. Егер сенің білім ордаң ондай жарықты болмаса, білімсіз бейшараның мекені деп білемін. Біздің университетімізде ғылым жолында өте көп мүмкіншіліктер мен ғылым жолында жігеріңді жандыратын ұстаздардың барына қуанамын. СолаÑ
�дың бірі және мен үшін ұстаз есімдері мәңгі сақталатын жандар Ажибекова Жанар Жұбандыққызы, Соколов Александр Дмитриевич, Пичхадзе Гурам Михайлович, Хасенова Хадиша Хамзеновна болып табылады.
Ұстаз-жүректегі мәңгі ән, таусылмайтын, сарқылмайтын қазына. Ұстаз бен мұғалімде бар айырма, ұстаз деген жақсы әндегі қайырма демекші. Ұстаз болу білімді берумен қатар, шәкіртті сол білімге тарта білу болып табылады. Сондай ұстаздар біздің университетімізде көп деп білемін. Солардың бірі Исабекова Урзия Анатольевна, Битанова Эльмира Женыханқызы, Науметұлы Максут және Абдразакова Нұргүл Асанқызы ұстаздық орны биік.
Мен өзімнің университетіммен және ондағы білім беретін ұстаздармен әрқашан мақтанамын. Әлемдік деңгейден жоғары деп білетін мен үшін, театр ең керемет әрі көркем орын деп ұғынамын. Ондағы әр бір сәт мен үшін осынша биік те, тұғырлы, әсем университетте оқитынымды мақтан ететіндей. Университеттегі әрбір орын, әрбір жер көрікті екеніне студент ретінде мақтан тұтамын. Студенттердің тәуелсіз тіл қатып, еркін пікірін қалдыруда өзіндік ой қалдырады. Осындай аз уақыт ішінде мені университет ерекше патриоттық сезімге бөледі. Отанға деген пÐ
�триоттық сезімді жалындату үшін, білім ордаңа деген патриоттық сезімді жаға алу керексің деп түсінемін. Мен өзімнің білім ордам Қазақ Ұлттық Медицина университеті деп білемін.
«Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай Сіздер секілді ұстаздардың рухын түсірмеу үшінде мен әрқашан білімімді шыңдайтын боламын.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Осынша жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарыктың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезенде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген де әрі жеткізуде біздің перзенттік борышымыз. Сол себепті Сізді және Сіздің ұжымыңызды осынау Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, әрқашан білім жолында шәкіртке деген сарқылмас қазыналарыңыз толассыз бола берсін дегім келеді.

Аса құрметпен: Жалпы медицина факультетінің 3 курс 022-1 топ студенті Серік Қасым.


_ _ _

Loading