Марат Жангалиев

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Саламатсыздарма!Мен Жанғалиев Марат 2017 жылғы ҰБТ-дан жалпы 73 ұпай жинадым.Бірақ таңдау пәні биологиядан 19 ұпай, ал химиядан 13 ұпай жинадым.Мен жалпы медицина факультетіне ақылы оқуға түсе алам ба?

Ответ:

Саламатсыз ба, Марат! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Ақылы оқуға түсу үшін сізде тағы бір мүмкіндік бар: 1-8 тамыз аралығында екінші КТ қатысу үшін өтініш қабылданады. 


_ _ _

Loading