Меруерт Әбенова

19 Jan 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Меруерт Әбенова <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Сәлеметсізбе Айкан Аканович!Мен Түркістан қаласындағы ХҚТУ-ң 5-ші курс студентімін. Оқуға ақылы негізде түстім,1-ші курстың жазғы семестрінде Республикалық конкурсқа қатысып,грант иегері атандым.Қазірде осы уақытқа дейінгі GPA 3,71, қызыл дипломға үміткермін. Сізге қояр сұрағым:
1) Интернатураны сіздерде оқуға болады ма?
2)Грант сақталып қалады ма?
3)Егер ауысуға мүмкіндік болса,қандай құжаттар қажет және қай уақыт аралығында қабылдайсыздар?
4)Ауысу үшін қазірден тіркеліп қою қажет пе?

Ответ:

Құрметті Меруерт!

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің интернатурасына «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша 5 жылдық (бакалавр) оқуды тәмамдап, бакалавр дипломын алған Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары түсе алады. Бірақ мемлекеттік грант сақталмайды. Себебі, басқа медициналық жоғары оқу орынынан ұлттық жоғары оқу орнына ауысқан білім алушы ақылы бөлімде ғана оқуын жалғастыра алады. Интернатурада білім алып жүрген кезде грант бөлімінде бос орындар болса, ақылы бөлімінде оқитын, оқу үлгерімі жақсы интерндер өтініші бойынша сол бос орындарға ауыстырылады.

Интернатураға түсуге қажетті құжаттар тізімі, қабылдау мерзімі, қабылдау шарттары С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің сайтында (kaznmu.kz) жарияланған. Алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Өтінішіңіз бен құжаттарыңызды қабылдау ережесінде көрсетілген уақытта тапсырасыз.


_ _ _

Loading