Учебный процесс

09 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Айнұр:

Асфендияров атындағы медицина университетінің емдеу ісінде немесе жалпы медицинада оқып жүріп, фармацевтика факультетіне ауысып кету мүмкін бе?

ЖАУАП:

Құрметті Айнұр!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 9 желтоқсанындағы «Білім беру типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта қабылдау тәртібін бекіту туралы» № 638 бұйрығына сәйкес оқу орнындағы бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру білім беру мекемесі басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Егер білім алушы мекемемен (кәсіпорынмен) жеке келісім-шартқа отырған болса, оны екінші білім беру мекемесіне немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру үшін берілген келісім-шартты өзгерту керек немесе оның күшін жою керек.

Басқа мамандыққа ауысқан кезде студент грантын жоғалтады. Оқуын ақылы негізде ғана жалғастыра  алады.

Бакалавриаттағы оқу жоспарындағы айырмашылық міндетті компонентті бес пәннен артық болмаса, басқа мамандықтың тура сол курсына ауыса алады. Егер оқу жоспарындағы айырмашылық бес пәннен артық болса, студент бір курсқа төмендетіледі.


_ _ _

Loading