ҚазҰМУ қызметкерлері

11 Dec 2014  |  Опубликовано в Вопрос

Вопрос ректору

От: ҚазҰМУ қызметкерлері <[email protected]>

Тема вопроса: От сотрудника

Вопрос:
Саламатсыз ба Айқан Ақанұлы! Біздің сізге қояр  сұрағымыз  неге 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне арналған премияны қарапйым қызметкерлер алмады, ол қаражат ЖОҒАРЫДАН бөлінген емес пе? Барлық  мемлекеттік ұйымдар, ұлттық университеттер премия алған, ал біздің университетімізде қашанғы қарапайым жұмысшыларды алдап-арбап солардың ақшасын басекелер жеп тояр екен? жұмысынан жеп отырған нандарынан айырылғысы келмей үндемей жүргенге ол ақшаның сұрауы жоқ деп қашанға дейін жалғаса бермек. Осыдан бірер жыл бұрын мемлекеттік қызметкерлердіÒ
£ жалақысы көтерілгенде әдеттегідей жалғыз С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «АҚША ЖОҚ, БАРЛЫҚ АҚША АҚСАЙ АУРУХАНАСЫ МЕН ЖАТАҚХАНАҒА ЖҰМСАЛЫНЫП ЖАТЫР» деген өтірік сөздермен оны да орындамады. Енді ең құрмағанда осы желтоқсан айындағы мемлекеттен бөлінетін премияны қызметкерлерді ренжітпей беруге болады ғой. Сонымен қатар ел арасында жүргеннен кейін естіп жатырмыз, кейбір бастықтардың батыл болғандықтары соншалықты өз қол астындағы қызметкерлерге «Біз сендердің ақшаларыңа ішіп-жеп ресторанға отырып, мейрамды тойлатып қайттық, ал қал
ған ақшаларың басекелер бөліп алды» деген сөздері қарапайым қызметкерлерді қатты налытуда.Тоқсан ауыз сөздің тоқпандай түйіні біздің университетте премия дегенді колымызға аламыз ба алде жоқпа? 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне және келе жатқан Жана Жыл мерекесіне премия болады ма, әр бір мемлекеттік ұйымдарды алып қарасақ жыл соңында 3 премиядан (1 желтоқсан «Тұңғыш  Президент күні», 16 Желтоқсан  «ҚР тәуелсіздік күні», «Жана Жыл») алып қарық болып жатады сондай күн біздің басымызға туар ма екен немесе МИНИСТЕРДІҢ БЛОГЫНА немесе КОМИТЕТ ҚÐ
�ЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ жүгінуге акеп соғар ма екен????? Асыға жауап күтудеміз! Сау саламатта болыңыз құрметті Айқан Ақанұлы


_ _ _

Loading