November 2014 - Page 9 of 9 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за November, 2014

Шахноза Сатибалдиеаа

03 Nov 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Шахноза Сатибалдиеаа <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
Сәлеметсізбе, құрметті Айкан Аканович, мен 6 курс қазақ группасында оқимын. Менің ұлтым өзбек. Осы уақытқа дейін группада ұлтыма байланысты айтылатын сөздерге мән бермеуші едім,алайда бүгін группаласым жағынан айтылған сөз менің намысыма тиді. Мен қазақ группасында оқу сондай қиын

Ответ:

Аталған оқиға ұлтаралық қатынасқа байланысты емес, тұрмыстық деңгейде өрбіген. Топта оқитын бала айтқан сөздерін мойындап, кешірім сұрады. Топқа ұлтаралық татулықтың маңыздылығы туралы түсінік берілді. Екі жақ бірін-бірі түсініп, кешірім жасасты.






Әділова Ақбота

03 Nov 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Ақбота Әділова <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
Сәлеметсіз бе,құрметті Айқан Ақанұлы! Мен – Әділова Ақбота Ерланқызы, Жалпы медицина факультетінің, 5-курс, қазақ бөлімінің студентімін. Сізден сұрайын дегенім,болашақта онко-хирург маманы болғым келеді. Онко-хирург мамандығын бітіру үшін, мен интернатура мен резидентураны қай салалар бойынша бітіріп,қанша жыл оқып, дәрігер бола аламын? Осы мамандықты толықтай бітіріп шығудың қандай жолдары бар? Сонымен қатар, биыл бітіруші түлек болғандықтан,бітірушілерге үздік диплом тағайындаудың қандай шарттары бар? Рахмет!

Ответ:

Құрметті, Әділова Ақбота !

2011жылдың16 наурызында ҚР Білім және Ғылым министрлігі қабылдаған № 94 Бұйрығының «Жоғарғы оқу орындарында білімалушылар ағымды үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды аттестация өткізудің типтік ережелерінің» 149 және 150 тармақтарына сәйкес студентке үздік диплом беріледі:

149. емтихандармен дифференциалды сынақтарды А, А- «үздік» және В-, В,В+ «жақсы» деген бағалармен және барлық оқу жылдары (GPA) орташа балы 3,5 балдан төмен болмауға тиісті, сонымен қатар мемлекеттік емтихандар А, А- «үздік» болу керек (әскери дайындық бағасы есепке алынбайды)

150. барлық оқыған жылдарында емтиханды қайталап қайта тапсырған жағдайда студентке үздік диплом осы Ережелердің 149 тармағына сәйкес болғанына қарамастан берілмейді

Қосымша сұрақтарыңыз болса өз факультетіңіздің деканатына барып толық ақпарат алуыңызға болады.

Поисковые слова:

  • https://kaznmu edu kz/blog/әділова-ақбота/