Айман Абдуллақызы

28 Apr 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Айқын Ақанұлы Мен 2007-2012 жылдар аралығында Жалпы медицина факултетінде оқығанмын. Ал интернатураны Гигиена және эпидемиология бағыты бойынша бітіріп шықтым. Маған енді терапия бойынша интернатураны қанша жыл оқу керек және дистационды оқуға болады ма?

Ответ:

Құрметті Айман!

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің интернатурасында «Жалпы медицина» мамандығының терапия бағыты бойынша оқи аласыз. Оқу мерзімі 2 жыл. Оқу ақылы түрде. Қашықтықтан (дистанционное) оқыту жоқ.

Интернатураға түсуге қажетті құжаттар тізімі, қабылдау мерзімі, қабылдау шарттары С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің сайтында (kaznmu.kz) жарияланған. Өтінішіңіз бен құжаттарыңызды қабылдау ережесінде көрсетілген уақытта тапсыра аласыз.


_ _ _

Loading