Айханым Бақытжан

06 Apr 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсізбе Айкан ағай!
Мен Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылында тұрам және Қарашоқы орта мектебінде 11 сыныпта оқимын, аты-жөнім Бақытжан Айханым. Болашақта сіздердін жоо-ға түскім келеді. Менің басты арманымның бірі сол жоо-на грантқа түсу. Себебі, қасымда жаны ашыр анамнан басқа адам жоқ. Анам мектепте кіші техника қызметкері болып жұмыс жасайды. Ай сайынғы алатын айлығы 24мың көлемінде. Ал әкем болса, оның өзінің отбасысы бар. Анам екеуі менің 5айлығымда ажырасқан. Әкем еш көмек көрсетпейді, тіпті айсайынғы төлеуге тиісті алиментті де төлемейді. Мені көрсе алыстан қашады. Анамның мені оқыта алмайтыны айдан анық.
Сабағымның бәрі 4-5. Күндіз де түнде де АЛЛАДАН “Грантқа түсіп, анамның бір жағына шықсам”-деп сұраймын.
Сіздің  ойыңызды білсем деймін. Грантқа түсуім үшін қанша балл алуым керек? Менің грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма?

Ответ:

Құрметті Айханым Бақытжан!

Сіз грантты ұтып ала аласыз ба, жоқ па біз алдын-ала айта алмаймыз, өйткені білім гранттарының конкурсы – біріңғай Ұлттық тестілеу (БҰТ) немесе кешенді тестілеу нәтижесінде, сертификаттағы балдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінде жүргізіледі Сол себепті Сізге қазір нақты жауап бере алмаймыз. Құжаттар толық қабылданған соң, конкурстық байқаудан кейін ғана грантқа түсе алатын балдар белгілі болады. Қосымша ақпаратты біздің сайттың «Абитуриенттерге» бөлімінен алуға болады. (www.kaznmu.kz)

Сізге мемлекеттік білім грантының иегері атануыңызға шын жүректен тілектеспіз!

 


_ _ _

Loading