Молдир Абилгазы

21 Nov 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Молдир Абилгазы <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Құрметті Аканов Айкан Аканович.
Мен 11 сынып оқушысы Әбілғазы Мөлдір Қасенқызымын. Аспендияров атындағы мед университетте оқуға түскім келеді.Ол үшін қандай құжаттар керек?,ҰБТ-дан қанша бал керек?,қандай жеңілдіктер гранттар бар?,жатаханаға туралы?,мамандық таңдау,жалпы университет ақысы канша болады? осындай мәліметтер керек еді. Сайттан таба алмадым. Алдын ала рахмет!!!

Ответ:

Молдир Абилгазы

Саламатсыз ба Молдир! Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификатын, 3×4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсыруыңыз қажет. Білім беру гранттары министрлік тарапынан тағайындалады. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады. Толық ақпаратты маусым айынан бастап университеттің қабылдау комиссиясынан, 292-67-01 телефоны арқылы біле аласыз.


_ _ _

Loading