Олжас Бекбергенов

07 Oct 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Олжас Бекбергенов <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Қайырлы күн! Мен Астана Медицина Университетинің МПД мамандығының 2 курс студентімін. Сіздерге қысқы демалыс кезінде стоматология мамандығына ақылы бөліміне түскім келеді. Сабақтардың барлық айырмашылықтарын тапсырамын, мені қабылдайсыздарма?

Ответ:

Сәлеметсізбе Олжас

 Олжас Сіз 2012 жылғы 19 қаңтардың №110 бұйрығы бойынша «Типтік білім беру ұйымдарында білім алушылардың ауысу және қайта қабылдану ережесіне» сәйкес алдымен Астана Медицина Университетінен оқыған сабақтарыңыз бойынша тіркеуші офис кеңсесінен транскрипт және ҰБТ сертификатының көшірмесін алып, ауысқыңыз келген факультеттің деканатына келіп пән айырмашылығыңызды есептетесіз. Егер пән айырмашылығы 5 пәнен аз болған жағдайда жалғастырып оқи аласыз, ал көп болған жағдайда бір курсқа төмендейсіз. Сонымен қоса ҰБТ сертификатыңыздағы балл 60 төмен болған жағдайда Ұлттық университетке ауысу құқығынан айырыласыз. Кайта қабылдау және ЖОО ауысу студенттердің тек жазғы және қысқы каникул уақытында жүзеге асады.

Іске сәт.


_ _ _

Loading