От абитуриента

05 Jul 2011  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Бота Оразбекова

Сәлеметсізбе Айкан мырза!!! Асфендияров оқу орнында студенттер өз қалаған киімін киеді ме және хиджаб киюге болама?жатақханасында қанша адам болып турады?Жуынатын бөлмесі әр бөлмеде барма?мен 116 балл жинадым,орыс тілсіз 98.Асфендияровқа осы баллмен тусе аламын ба?

Ответ:

Қымбатты Бота!

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде студенттер өз қалаған киімін киеді. Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің дінін таңдауға еркіндік берілген. Сол себепті студенттерге хиджаб киюге де шектеу қойылмайды. Сонымен қатар, жатақханадағы мәселеге келсек, бір бөлмеде 4-5 студенттен тұрады. Өкінішке орай, жуынатын бөлме әр бөлмеде жоқ. Бір қабатта студенттерге арналған екі жуынатын бөлме бар. Дегенмен біз студенттердің жатақханадағы жағдайын жақсарту үшін жұмыс жасап жатырмыз. Болашақта осы келеңсіз мәселелер оң шешімін табады деген сенімдеміз.

Сіздің жинаған баллыңыз өте жақсы деп сенімді түрде айта аламын. Біздің университетке оқуға түсе алатын мүмкіндігіңіз туралы әзірге ештеңе айта алмаймыз. Себебі, қабылдау балдары әр жылы әртүрлі болады. Ол конкурстық негізде құжат тапсырған талапкерлердің балдарына байланысты анықталады.


_ _ _

Loading