От абитуриента

04 Aug 2011  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Мерей Кулжан
Сәлеметсз бе Аканов Айкан Аканұлы! Мен талапкер ретінде мазалап жүрген сұрагымды кояйын деп едм: Маган түсінідіріп отесіз бе дәрігерлік емдеу ісі мамандығымен қоғамдық денсаулық сақтау мамандыгыгың айырмашылығын, екеуі де СЭС мамандығы болып есептеле ме? Нағыз СЭС мамандығының иесі болу үшін қайсысын таңдау керек? Жауабыңызды кутем, сізге көп рахмет.

 

Ответ:

Құрметті Мерей!

Түсінгенім бойынша сізді қоғамдық денсаулық мамандығы қызықтыратын сияқты. Себебі сіз қалап отырған мамандық медициналық-профилактикалық факультетінде оқытылады. Ол факультетте екі мамандық қарастырылған. Біріншісі, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы – оқу мерзімі 5 жыл. Академиялық дәрежесі – қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры. Біліктілігі – қоғамдық денсаулық сақтау маманы. Бакалавриатта оқуды аяқтаған бітіруші қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушы немесе гигиена және эпидемиология маманы ретінде дербес практикалық қызметке жіберіледі. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітіруші оқуын әрі қарай магистратурада жалғастыруға құқылы.

Екіншісі, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы – оқу мерзімі – 5 жыл. Академиялық дәрежесі – медициналық-профилактикалық іс бакалавры. Біліктілігі – гигиена және эпидемиология маманы. Бакалавриатты бітірген түлек эпидемиология, коммуникалды гигиена, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, радиациялық гигиена, вирусология, бактериология маманы ретінде тәжірибелі қызметке жіберіледі. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлек оқуын одан әрі қарай магистратурада жалғастыра алады.

 


_ _ _

Loading