Салеметсиз бе?Мен Семей медицина университетинин 4 курс студентимин,бирак казир 2 семестрде денсаулык жагдайыма байланысты Алматыга ауыссам деп едим ,Сизден сурайн дегеним 4 курстын 2 семестрынан жалгауга мумкиндигим бар ма?2 семестрды аяктамадым али,мумкин 4 курстын 2 семестрынан акылы турде жалгауыма болатын шыгар

03 Apr 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Салеметсиз бе? Мен Семей медицина университетинин 4 курс студентимин,бирак казир 2 семестрде денсаулык жагдайыма байланысты Алматыга ауыссам деп едим, Сизден сурайн дегеним 4 курстын 2 семестрынан жалгауга мумкиндигим бар ма? 2 семестрды аяктамадым али, мумкин 4 курстын 2 семестрынан акылы турде жалгауыма болатын шыгар

Ответ:

Құрметті с!

Білім алушылардың басқа жоғарғы оқу орнынан ауысуы ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтар айындағы №110 қаулысымен бекітілген «Жоғары бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы ережесі» бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 10 сәуіріндегі №328 қаулысымен бекітілген осы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырылуларға сәйкес: Студенттер мен магистранттарды басқа жоғары оқу орнынан ұлттық жоғарғы оқу орнына ауыстыру ақылы негізде жүзеге асырылады. Сонымен қатар студенттің үлгерімі жақсы болуы және ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы баллы 60-тан төмен болмауы шарт.

Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес ауысу тек қысқы немесе жазғы каникул мерзімінде ғана жүзеге асырылады.


_ _ _

Loading