Алия Берик

18 Apr 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:
Сәлеметсізбе! Сұрағыма нақты жауап алғым келеді.Мен қазіргі таңда ҚазҰУ-да биология факультетінде 1-курста оқимын(грант).2курста Асфендияровта оқығым келеді.Қалай ауысуға болады?Ауысқан жағдайда ақылы бөлімде 2курстан бастау үшін қайтадан тапсыруым керек пе?Рахмет.

Ответ:

Білім алушыларды  басқа жоғарғы оқу орнынан ауыстыру  ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылдың 20 қаңтарында шыққан №19 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекелеген ЖОО үшін бекітілген нысаналы орындарға бөлінген квота шегінде түскен білім алушыларды білім беру грантын сақтай отырып бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыруға болмайды.

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары  бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы  ережесі»  бойынша қойылатын негізгі міндетті шарты кезекті академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының толық орындалуы және аралық аттестаттауды тапсырылуы қажет.


_ _ _

Loading