Учебный процесс

30 Jan 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

От: Актоты Сейтжанова <[email protected]>

Сәлеметсіз бе Айкан Аканұлы!
Сіздің бізге көрсетіп жатқан жақсылығыңызға алғысым шексіз.Ғұмырыңыз ұзақ, денсаулығыңыз мықты болсын!Алға қойған мақсатыңызға жете беруіңізге шын жүректен тілектеспін. Сізге қояр сұрағым бар еді.
Мен 3 курс студентімін.Біз түскен жылы келісім-шартқа қол қояр кезде 7 жыл деп көрсетілді.Ал биылғы жылы біз 5 жылдық  грант келісім-шартына қол қойдық.Сол жайлы  білгім келеді.Бұл барлық мед.университетте қолға алынды ма?Сұрағымды қарастыруыңызды өтінемін.Алдын-ала рахмет.

Ответ:

Құрметті Ақтоты!

«Жалпы медицина» мамандағы бойынша дәрігре біліктілігін берілуі (5+2) қарастырылыпсонғы 2 жыл – интернатура болып саналады. Сіз жалпы медицина факультетінде 5 жылға мемлекеттік грант туралы келісім-шартқа қол қойдыңыз. Яғни, Сізге тиісті мамандық бойынша мемлекеттік үлгідігі дипломмен бірге біліктілікті жэне «бакалавр» академиялық дәрежесі тағайындалады. Барлық мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырып, тиісті GPA баллын жинаған жағдайда интернатура туралы ережеге сәйкес конкурстық негізде ҚазҰМУ-нің немесе Қазақстан Республикасының басқа медициналық жоғарғы оқу орындарының интернатура бөлімінде оқуды мемлекеттік білім гранты негізінде жалғастыра аласыз. Интернатура бөліміне мемлекеттік грант туралы бөлек келісім-шартты толтырасыз.


_ _ _

Loading