28.06.2017 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June 28th, 2017

Дулат Абдыхан

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Салеметсызбе , менын сурагым оку орнынын жатакханасына кандай кужаттар жане кашан тапсыру керек?

Ответ:

Сәлеметсіз бе, Дулат Абдыхан!

ҰБТ тапсыруыңызбен құттықтаймыз! Келесі сіздің қадамыңыз – алған баллыңызбен білім беру грантының конкурсына қатысу. Қазақстан бойынша барлық ЖОО бойынша білім беру грантының сайысына (конкурсына) қатысу үшін өтініштер шілде айының 23 мен 31 жұлдызы аралығында қабылданады. Қажет құжаттар тізімі:
1. Орта білім туралы аттестат (қосымшасымен түпнұсқа);
2. ҰБТ нәтижесімен сертификат (түпнұсқа);
3. Медициналық 086 үлгісіндегі анықтама және флюорография түсірілімі (Алматы қаласынан басқа жерде түскен болсаңыз, ҚазҰМУ профессорлық клиникасында немесе  студенттер емханасында тіркеу қажет);
4. 063 үлгі (алдын-ала егу картасы);
5. 3х4 өлшемдегі 6 фотосурет;
6. Жеке басыңызды куәландыратын құжаттың 2 көшірмесі (түпнұсқасы өзіңізбен бірге болуы керек).

Аталған құжаттарды тұрғылықты жеріңізге жақын қаладағы кез келген ЖОО қабылдау комиссиясына өткізе аласыз.